“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында 15 мамыр — Халықаралық отбасы күніне орай 1-11 сынып оқушыларына бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: отбасындағы қарым — қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.