Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ
1 қыркүйек — білім күні. Бұл күн әр баланың көкірегіне нұр құйылған, әр ұстаздың жүрегі тебіреніп, көңіл шарықтаған, әр ата — ананың мерейі өсе түскен нағыз қуанышты күн. Бүгін мектебімізде “Мектебім — мейірім мекені” тақырыбында 1 және 11 сынып оқушыларына алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Жиында оқушыларымыз шарықтатып ән шырқап, мың бұралып билеп өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз алғашқы қоңырау соқты. Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру. #mng_bilimkuni


