Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, мектебімізде «Мамандық таңдау — болашақтың кілті» тақырыбында іс-шара өткізілді. Шараға 11 А, Б сынып оқушылары қатысты. Бұл кездесудің мақсаты — әр баланың бойындағы жақсы қасиеттерді танып, болашақтағы мамандықтарын таңдауға көмектесу түсіндіру болды.
Оқушылар қазіргі әлемде мамандық таңдау бұрынғыдан да күрделі әрі маңызды міндетке айналды. Технологиялық даму, еңбек нарығындағы өзгерістер және жаңа кәсіптердің пайда болуы жастардан саналы әрі көреген шешім қабылдауды талап етеді деген сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Кейбір оқушылар өз армандарын айтты, ал кейбіреулері өздеріне үлгі тұтатын адамдар жайлы мамандықтарын айтып берді.
Іс-шара қызықты және көңілді өтті. Балалар бір-бірінің пікірін тыңдап, өзінің тандаған мамандықтарымен бірге ой бөлісті. Соңында әр оқушы: «Менің болашақ мамандығым ?» деген сұраққа жауап жазды.
Бұл шара оқушыларды өз бойындағы жақсы қасиеттерді байқауға және адам өміріндегі мамандық таңдаудың маңызын түсінуге көмектесті. Шараға барлығы 32 оқушы қатысты.


