Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, 15.09.25ж мектебімізде “Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы” медициналық мекемесінің психолог маманы А.Ақылбекқызы және мектебіміздің педагог-психологы А.Тайшыбаеваның қатысуымен 6 «А», 7 «Б» сынып оқушылары арасында «Эмоционалды интеллект», «Дұрыс тамақтану» тақырыптарында семинар-тренинг өткізілді. Шара барысында оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, эмоционалды интеллект бойынша өз эмоциясын түсіну, басқару өзге адамдардың да эмоцияларын құрметтеуге байланысты ойын-жаттығулар жүргізілді. Семинарға барлығы 39 оқушы қатысты.


