Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Мектебіміздің 10 “Б” сынып оқушысы Оразалы Сағыныш Бахрейнде өткізілген
Азия 2025 жасөспірімдер арасындағы жағажай волейбол жарысынан Қазақстан атынан қатысып алтын медаль иесі атанды. Оқушымызды жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаттықтырушысы және осы спорт түріне баулыған мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Құдабаев Арман Мамайұлына ерекше алғыс айтамыз! Сонымен қатар сынып жетекшісі Саденова Айнур Алауадинқызына да үлкен алғысымызды білдіреміз! Бұл біз үшін және Қазақстан Республикасы үшін үлкен жеңіс!