Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
2025 жылдың 25-қараша күні «Н.Оңдасынов атындағы №5 ЖББМ»КММ-іне Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ғылыми жобасына байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізуге мамандар келді.
Бұл шара Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті «Қос тілді және көптілді балалардың әлеуметтік, лингвистикалық, психолингвистикалық, лексико – грамматикалық аспектілеріндегі тілдік және метатанымдық рефлексиялары» атты ғылыми жобаны іске асыру аясында жүргізілді.
Жобаның мақсаты – әртүрлі этникалық топ балаларының көпмәдениетті ойлауын дамыту үдерісін зерттеуге бағытталған.
Жобаға 6 жас пен 10 жас аралығындағы оқушылар қатысып, өз ойларын ашық, анық жеткізді. Әр білім алушыға жеке уақыт бөлінді. Оқушылардың ленгвистикалық қырларын зерттей отырып, қатысушыларға сыйлақтарын ұсынды.
Бұл үдеріс мектеп әкімшілігімен, ата – аналардың келісімімен педагогикалық стандарттарға сай жүргізілді.