«Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ
30.01. 2026 жылы күні жас мамандар арасында мектепішілік «Қалыптастырушы бағалаудың оқу жетістігіне ықпалы» тақырыбы аясында «Үздік ҚМЖ» сайысы өткізілді.
Сайыстың негізгі мақсаты — жас мамандардың сабақ жоспарлаудағы кәсіби шеберлігін арттыру, сапалы қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ) құрастыру дағдыларын жетілдіру, жаңартылған білім мазмұнына сай тиімді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдануға ынталандыру және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Сайысқа мектептің 16 жас маманның 5 мұғалімі қатысып, өздерінің пәндері бойынша әзірлеген қысқа мерзімді жоспарларын (ҚМЖ) қорғады. Қатысушылар сабақ құрылымының тиімділігі, оқу мақсаттарының нақтылығы, ЖИ көмегімен ұсынылған әдіс-тәсілдердің жаңашылдығы, бағалау жүйесімен оқушы белсенділігін арттыру жолдары бойынша бағаланды.
Қазылар алқасының құрамы педагог-зерттеуші мамандары ұсынылған жұмыстарды саралап, үздік деп танылған жас мамандарды анықтады. Жеңімпаздар мен қатысушылар марапатталып, тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.
І орын — Әлке Айдана қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
ІІ орын — Рамазанова Камила математика пәні мұғалімі;
ІІ орын – Уалиева Малика тарих пәні мұғалімі;
ІІІ орын — Қостөреева Айгерім математика пәні мұғалімі;
ІІІ орын – Саясат Нұрсултан тарих пәні мұғалімі;
Аталған сайыс жас мамандардың кәсіби дамуына серпін беріп, педагогикалық шеберлігін жетілдіруге оң ықпалын тигізді.

