Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
“Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Нұртас Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы “Жасампаздық және жаңашылдық” құндылығы аясында Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Аталған кештің мақсаты – қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, өскелең ұрпақтың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Кеш барысында оқушылар мен мұғалімдер ақынның жүрекке жетер өлеңдерін мәнерлеп оқып, сөзі мен сазы үйлескен әндерін орындады. Әрбір оқылған өлең мен шырқалған ән көрерменге ерекше әсер сыйлап, ақынның сырлы да мұңлы, терең философиялық әлеміне жетеледі.
Әдеби-сазды кеш жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар Мұқағали поэзиясының мәңгілік екенін тағы бір мәрте сезінді. Кеш соңында ақын шығармашылығына деген құрмет пен сүйіспеншілік ерекше байқалды. Қамтылған мұғалім саны — 18, оқушы саны — 25