Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
«Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ
06.02.2026 жылы мектебімізде 8 — 9 сынып оқушылары арасында «Нұртастану» жобасы аясында «Ұлтқа қызмет — Нұртас Оңдасынов тағылымы» танымдық бағыттағы QUIZ ойыны ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: Нұртас Оңдасыновтың өмірі мен қызметін насихаттап, оқушылардың пәндік білімдерін бекіту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және білімге деген қызығушылықтарын арттыру.
QUIZ ойыны «Нұртастану», «Тез тап», «Тарихи-танымдық» 3 кезеңінен тұрды. Ойын барысында 8 «А», 8 «Б», 8 «В», 9 «А», 9 «Б», 9 «В» сынып оқушылары топтық жарыста белсенділік танытып, өз білімдерін көрсете білді.
9 «А» сыныбы — І орын;
8 «Б» сыныбы – ІІ орын;
9 «Б» сыныбы – ІІІ орын;
Басқа да қатысушы сыныптарға қатысқаны үшін деген алғыс хат берілді.
«Нұртастану» жобасы аясында қол жеткізген зор жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс — ел тарихын, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолын терең түсініп, білім мен ізденіске деген жауапкершіліктеріңіздің айқын көрінісі.