Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
«Нұртас Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау 2026 жылғы 29 маусым мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Ақтау қаласында мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және сол білім беру ұйымында оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар 1-сыныпқа автоматты түрде қабылданады.
Баланы басқа мектепке орналастыруды жоспарлаған ата-аналар құжаттарды жалпы негізде тапсырады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, балалар 1-сыныпқа ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Мемлекеттік қызмет көрсету форматы: электронды және қағаз түрінде.
Қазақстан Республикасы азаматтары үшін қажетті құжаттар:
• ата-ананың (заңды өкілдің) өтініші;
• 052-2/у нысанындағы денсаулық паспорты;
• 065/у нысанындағы медициналық анықтама;
• 3×4 көлеміндегі 2 дана фотосурет;
• қажет болған жағдайда ПМПК қорытындысы.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар қосымша өз мәртебесін растайтын құжат ұсынады (ықтиярхат, босқын куәлігі және т.б.).
Өтінішті:
• үй жағдайында онлайн түрде;
• мектептердегі өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы тапсыруға болады.
Құжаттар келесі жағдайларда қабылданбайды:
• құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда;
• құжаттардың мерзімі өткен жағдайда;
• мәліметтердің шынайылығы расталмаған жағдайда;
• белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;
• сыныптағы орын саны толық болған жағдайда.
Қосымша ақпаратты білім беру ұйымдарының ресми сайттарынан және
www.egov.kz порталынан алуға болады.

Құжат қабылдау уақыты:
дүйсенбі–жұма аралығында, сағат 09:00–18:30.
(Мереке күндері мен демалыс күндерін санамағанда)



облысы білім басқармасы Ақтау қалалық білім бөлімінің «Нұртас Оңдасынов атындағы № 5 жалпы орта мектебі» КММ 2025 жылдың 1 сәуірі сағат 9:00-ден 2025 жылғы 31 тамызға дейін 1 сыныпқа құжат қабылданады. Оқыту тілдері – қазақ, орыс.
Оқу деңгейіне қарамастан білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ететін алты жастан бастап және ағымдағы күнтізбелік жылда алты жасқа толған балалар қабылданады.
📍 Құжаттар тек мемлекеттік қызметтер арқылы қабылданады:
1) электрондық үкімет порталы – egov.kz
❗ Қағаздағы өтініштер қабылданбайды!
📌 Қажетті құжаттар тізімі:
1) Ата-ананың өтініші
2) 3х4 см өлшемдегі баланың сандық фотосуреті.
3) Бала денсаулығы паспорты (№ 052-2/у нысаны)
4) денсаулығы туралы медициналық анықтама (№ 065/у нысаны)
5) ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда).
Өтініш пен құжаттарды egov.kz порталы арқылы беруге болады; мектепте дүйсенбі-жұма, 09.00-13.00, 14.30-17.30 аралықтарында қабылданады.
Шетел азаматтары үшін: ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек және Қазақстан Республикасында тұрақты түру құқығы туралы, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттар ұсынуы керек.
жазғы демалыс








