Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестіктері ұйымдастыруымен мектебімізде қазіргі қазақ әдебиетінің негізін құраушы, ақын және жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан жазушылар одағының негізін қалаушысы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай “Қазақ әдебиетінің ақсұңқары” тақырыбында поэзиялық кеш өткізілді. Кештің мақсаты оқушыларды еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту және ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Поэзиялық кеште мұғалімдер ақынның еңбектерінен поэзия, өлең жолдарын оқыды. Кеш өте әсерлі өтті.