Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Ар — ұят» құндылығы негізінде және ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасының жоспарына сәйкес,мектебімізде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сарсенғалиева Ж. Т және 2”В” сынып жетекшісі Оразова А.Ж., 3 «В» сынып жетекшісі Қарамурзиева А.Ж. ұйымдастыруымен «Әрбір бала — жарық жұлдыз» тақырыбында 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған сабақ өткізілді.
Мақсаты: баланың ерік-жігері мен мінезін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу. Баланың оқуына, мінез-құлқына және қарым-қатынас жасауына темпераменттің әсері. Баланың жақсысы — сүйініш, жаманы — күйініш. Әр баланың бірегейлігін ашудағы отбасы мен мектептің өзара әрекеті.
Сабақ барысында ата — аналарға тақырып бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді және педагог -психолог Тайшыбаева А.Е. ата — аналарға писхологиялық тренигтер өткізді. Шараға барлығы 17 ата — ана қатысты.