Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, мамыр айының 6 күні 7 – мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Ақтау қаласы әскери полиция басқармасы ашық есік күнін ұйымдастырды. Шараға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сарсенгалиева Ж.Т және АӘД пәні мұғалімі Бакиртаев З.А., мектебіміздің 10 “А”, “В”, 8 “ З” сынып оқушыларымен қатысты. Шара барысында оқушыларға әскери бөлімінің міндеті туралы мағлұмат берілді және әскери техника мен қару жарақ түрлері көрсетілді. Оқушылар тарапынан туындаған сұрақтарға әскери бөлімінің мамандары жауап беріп оқушыларымыз қызықты әсер алып қайтты. Шараға қатысқан оқушы саны-78.
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр — Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 80 жыл мерекесімен барша Қазақстандықтарды құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Возможно, это изображение 8 человек и текст