Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектебімізде 1-3 сыныптар арасында “Бала күлкісі – әлемнің бақыты!” тақырыбында мерекелік іс-шаралар өткізілді. 1 және 2 сынып оқушылары мерекелік ән мен би орындаса, 3 сынып оқушылары флешмоб және эстафеталық жарыстарға қатысты.
Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын — сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.