Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Ұлттық мүдде» құндылығы негізінде, «Даналық мектебінің» іс-шаралар жоспарына сәйкес мектебіміздің 1 сынып жетекшілері: Курмашева А.Т., Муратова М.М.,Туякова Г.О. аталар мектебінің мүшелерімен бірлесіп аталар мектебі: “Бабалар дәстүрі — ұрпаққа өсиет” тақырыбында іс — шара өткізді. Мақсаты: Болашақ ұрпаққа еліміздің ұлттық құндылықтарын санасына сіңіру. Тілі мен діні, тарихы мен салт-дәстүрі, рухани мәдениетке тәрбиелей отыра күнделікті өмірде қолдануға баулу. #біртұтас_тәрбие @aktau_bilim_bolimi
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
