21-22. 05.2025 ж мектебімізде ғылыми жоба, олимпиада, білім, өнерде, спортта жоғары жетістіктерге жеткен дарынды оқушыларды марапаттау мерекелік іс-шарасы өтті! Бұл іс-шара мақсаты: оқушыларымыздың еңбегін бағалап, оларды жаңа белестерді бағындыруға жігерлендіруге арналды. Марапаттауға мектеп әкімшілігі, ата-аналар, мұғалімдер қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Олардың жетістіктері – тек өздерінің ғана емес, бүкіл мектебіміздің мақтанышы. Біз оқушыларымызға жаңа табыстар мен үлкен жетістіктер тілейміз!


