Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Мектебімізде 24.05.2023ж. тұрмыстық зорлық –зомбылық тақырыбында кездесу өтті. Мақсаты: зорлық -зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы түсіндіру. Зорлық -зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Оқушыларымызды жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстатып, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау. Оқушыларға зорлық зомбылықтың алдын алу жөнінде ақпарат берілді. Кездесуге адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі бас маман Ақбаян Тыныштықова келді. Сұрақтарға жауап беріліп, кездесу жоғары деңгейде өтті.