Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
2025 ЖЫЛҒЫ НЕГІЗГІ ҰБТ-ҒА ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ 12 СӘУІРДЕ БАСТАЛАДЫ
Негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 12-25 сәуір аралығында жүзеге асырылады, оның ішінде 12-18 сәуір аралығында бір рет өтініш беруге, 19-25 сәуір аралығында бір немесе екі рет өтініш беруге болады. Тестілеудің өзі 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.
ҰБТ-ға қатысу үшін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты немесе UTO.kz қосымшасы арқылы өтініш беруге болады. Талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдайды. Бұл ретте олар екі мүмкіндік үшін бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын белгілейді.

2025 ЖЫЛҒЫ НЕГІЗГІ ҰБТ-ҒА ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ 12 СӘУІРДЕ БАСТАЛАДЫ

?2024 жылғы талапкерлер!

?Негізгі ҰБТ-ға тіркелу 6-14 мамыр аралығында www.app.testcenter.kz сайты және UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
⏳ҰБТ өткізу мерзімі: 2024 жылғы 16 мамыр — 5 шілде.
❗️МАҢЫЗДЫ (осы даталарды жаттап алыңыздар):
?6-10 мамыр аралығында ҰБТ-ның 1-ші мүмкіндігіне;
?11-14 мамыр аралығында 2-ші мүмкіндігіне өтініш беру қолжетімді болады.

? Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары үшін негізгі ҰБТ-ға тіркелу 6-20 мамыр аралығында www.app.testcenter.kz сайты немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
⏳ҰБТ өткізу мерзімі: 2024 жылғы 25 мамыр — 12 шілде.
❗️МАҢЫЗДЫ (осы даталарды жаттап алыңыздар):
?6-13 мамыр аралығында ҰБТ-ның 1-ші мүмкіндігіне;
?14-20 мамыр аралығында 2-ші мүмкіндігіне өтініш беру қолжетімді болады.

?Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеудің өту ПУКНТІН, КҮНІН және УАҚЫТЫН өздері таңдайды.

?Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде сіз тестілеуді 2 рет тапсырып (екі сертификат та жарамды), ең үздік нәтижемен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса аласыз.

✅Бұл ҰБТ-ға қатыса алады:
?2024 жылғы мектеп және колледж түлектері;
?мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері;
?шетелде 11(12) сынып білім алушылары;
?қандастар;
?жоо-да шартты түрде білім алушылар.

?Ағымдағы (2024) жылдың МЕКТЕП түлектері ҰБТ-ға ТЕГІН қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.