Мамыр айының 2 күні Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектебімізде 10 сынып оқушылары қатысуымен “Ұлы Жеңіске 80 жыл: Ерлік — елге мұра” атты кездесу өткізілді. Мақсаты – жас ұрпақтың бойына Отансүйгіштік сезімін сіңіру, тарихты ұмытпау, бейбіт өмірдің қадірін білуге тәрбиелеу. Кездесу қонақтары Маңғыстау облысы Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығыстарға қатысқан ардагерлер кеңесі “Сардар” қоғамдық ұйымының ардагері запастағы капитан Ниязбеков Оразбек Утеулиевич, Маңғыстау облысы “Әскери Барлау ардагерлер кеңесі” қоғамдық бірлестік ардагері запастағы аға сержант Есиркетова Ұлтай Ибадуллаевна, 05994 әскери бөлімінің қызметкерлері майор Хабибулина Наталья Юнусовна және 3 санатағы сержант Магер Алексей Анатольевич. Шара барысында ардагерлер оқушыларға өз тәжірбиелерімен бөлісіп, Отанға қызмет ету ең жауапты іс екенін және осы іс арқылы өзгеге патриоттық тәрбие бере алатынын дәлелдеді. Барлығы 68 оқушы және 5 мұғалім қатысты.

Все реакции:
Алмас Сандыбаев, Гуля Тулеуова и ещё 1