Маңғыстау облысы білім басқармасы Ақтау қалалық білім бөлімінің «Нұртас Оңдасынов атындағы № 5 жалпы орта мектебі» КММ 2025 жылдың 1 сәуірі сағат 9:00-ден 2025 жылғы 31 тамызға дейін 1 сыныпқа құжат қабылданады. Оқыту тілдері – қазақ, орыс.
Оқу деңгейіне қарамастан білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ететін алты жастан бастап және ағымдағы күнтізбелік жылда алты жасқа толған балалар қабылданады.
📍 Құжаттар тек мемлекеттік қызметтер арқылы қабылданады:
1) электрондық үкімет порталы – egov.kz
❗ Қағаздағы өтініштер қабылданбайды!
📌 Қажетті құжаттар тізімі:
1) Ата-ананың өтініші
2) 3х4 см өлшемдегі баланың сандық фотосуреті.
3) Бала денсаулығы паспорты (№ 052-2/у нысаны)
4) денсаулығы туралы медициналық анықтама (№ 065/у нысаны)
5) ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда).
Өтініш пен құжаттарды egov.kz порталы арқылы беруге болады; мектепте дүйсенбі-жұма, 09.00-13.00, 14.30-17.30 аралықтарында қабылданады.
Шетел азаматтары үшін: ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек және Қазақстан Республикасында тұрақты түру құқығы туралы, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттар ұсынуы керек.