Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Мәдениет және өнер, Ақпарат және мәдениет фракциялары ұйымдастырылуымен 02.05.2025ж күні мектебімізде Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. Ұйымға қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілері табысталды.
Мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық,беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Жас ұланға — 24 оқушы, жас қыранға — 32 оқушы қабылданды.