Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, 15.05.2025ж. Дене шынықтыру пәні апталығының аясында дене шынықтыру пәні мұғалімі Құдабаев А.М. ұйымдастыруымен батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында 9 — 10 сыныптар арасында «Жігіт сұлтаны — 2025» байқауы ұйымдастырылды. Байқау 5 кезеңнен тұрды: І кезең “Мен қазақтың ұлымын” — өзін-өзі таныстыру; ІІ кезең «Сегіз қырлы — бір сырлы» — өнер сайысы; ІІІ кезең «Білгенге маржан» — қазақтың ұлттық әдеп — ғұрыптар аясында танымдық сұрақтар; ІV кезең «Шынықсаң — шымыр боларсың» — қол күрес; V кезең «Шебердің қолы ортақ» — үй тапсырмасы.
Байқау соңында әділқазылар алқасы үміткерлердің өнерлерін сарапқа салып, әділетті шешім шығарды. І орын — 9 «А» сынып оқушысы Азаматұлы Ерасыл, ІІ орын және “Өнерлі жігіт” номинациясы — 10 «А» сынып оқушысы Себек Ислам, ІІІ орын және «Көрермен көзайымы» номинациясы 9 «Б»сынып оқушысы Сағидан Аллаберген, «Сымбатты жігіт» номинациясымен 10 «А» сынып оқушысы Дұрды Өркен, «Шымыр жігіт» номинациясымен 9 «В» сынып оқушысы Манатұлы Мұрат. Байқау соңында мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сарсенгалиева Ж.Т. жарыс жеңімпаздарын құттықтап, оларға толағай табыс тіледі. Жеңімпаздар барлығы арнайы дипломдармен марапатталды. Қатысқан оқушылар саны: 97. Қатысушылар саны:5.