Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Нұртас Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде 1 «А» және 1 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен
«Әліппе, саған мың алғыс!» атты әліппемен қоштасу мерекелік іс-шарасы өтті. Аталған шараның мақсаты – оқушылардың әліппе арқылы алған алғашқы білімдерін қорытындылау, оқу-жазуға деген қызығушылығын арттыру, кітапты қадірлеуге тәрбиелеу және бастауыш білімнің маңызын ұғындыру.
Іс-шара барысында оқушылар өлең оқып, ән айтты. Балалар өздерінің оқу жылы ішінде меңгерген білімдерін ортаға салып, әліппеге деген алғыстарын білдірді. Шара көңілді, әсерлі әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Әліппемен қоштасу мерекесі оқушылар үшін есте қаларлық сәт болып, олардың алдағы білім жолына сеніммен қадам басуына үлкен серпін берді. Шараға барлығы 44 оқушы қатысты.
