“Бала үні”
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, мектебіміздің президенті 11 “Б” сынып оқушысы Аманкулов Мадияр “Бала үні” тақырыбы аясында ұйымдастырылған Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы және қала әкімі, облыс әкімінің орынбасарымен кездесуге қатысып өз ойын білдірді. Мақсаты: Балалардың өз пікірін еркін білдіруіне, тыңдалуына және қоғамдық, мектепішілік шешімдерге әсер етуіне мүмкіндік беру.
“Бала күлкісі – әлемнің бақыты!”
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектебімізде 1-3 сыныптар арасында “Бала күлкісі – әлемнің бақыты!” тақырыбында мерекелік іс-шаралар өткізілді. 1 және 2 сынып оқушылары мерекелік ән мен би орындаса, 3 сынып оқушылары флешмоб және эстафеталық жарыстарға қатысты.
Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын — сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
Оқушыларды марапаттау
21-22. 05.2025 ж мектебімізде ғылыми жоба, олимпиада, білім, өнерде, спортта жоғары жетістіктерге жеткен дарынды оқушыларды марапаттау мерекелік іс-шарасы өтті! Бұл іс-шара мақсаты: оқушыларымыздың еңбегін бағалап, оларды жаңа белестерді бағындыруға жігерлендіруге арналды. Марапаттауға мектеп әкімшілігі, ата-аналар, мұғалімдер қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Олардың жетістіктері – тек өздерінің ғана емес, бүкіл мектебіміздің мақтанышы. Біз оқушыларымызға жаңа табыстар мен үлкен жетістіктер тілейміз!

«Жасөспірім жастағы дағдарыстар»
Аналар күні және Халықаралық отбасы күніне орай «Н.Оңдасынов атындағы №5 ЖББМ» КММ 08.05.2025 ж күні педагог-психолог А.Е.Тайшыбаеваның ұйымдастыруымен 9 сынып ата-аналарының қатысуымен өтпелі кезеңдегі қиындықтарды түсіндіріп ақпарат беру мақсатында «Жасөспірім жастағы дағдарыстар» атты семинар ұйымдастырылып өткізілді. Қамтылған ата-ана саны: 13.
«Адал азамат»
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, мектебімізде 1-11 сынып оқушыларына 12-20 мамыр аралығында барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының шеңберінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дайындаған ұсынымдамасына сәйкес эссе байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты- оқушылар бойында жоғары адамгершілік қасиеттерді, жауапкершілік сезімін, адалдықты, әділеттілікті және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру. Байқау нәтижесінде үздік эссе жеңімпаздары марапатталды
Ата-аналар жиналысы
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, 2025 жылдың 16 мамыр күні мектепішілік жалпы ата — аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Күн тәртібіндегі мәселе: 1. “Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық”; 2. “Қорытынды аттестациялау”; 3.Әртүрлі мәселелер. Мектеп инспекторы Құбаев Т.Е. мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарына құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Мектеп директорының м.а. Дербисалина Л.Р. ата-аналарға жалпы қорытынды мемлекеттік емтихандар туралы баяндама жасады. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Ж.Т.Сарсенгалиева., А.Т.Барманбекова ата-аналарға мектеп бітіруші түлектердің салтанатты жиыны туралы және қауіпсіздік шаралары бойынша ақпараттар берді. Мектепте өткізілетін мерекелік іс-шаралар өткізу кезінде заңсыз қаражат жинауға,


студияларды шақыруға;
мерекелік дастархан (фуршет) ұйымдастыруға;
автокөліктерді жалға алып, қала бойынша экскурсиялар өткізуге; мұғалімдерге сыйлық алу үшін заңсыз ақша жинауға қатаң тыйым салынатыны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған мәселе бойынша мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары, мектеп мұғалімдері өз ойларын ортаға салып, өзіндік пікірлері мен ұсыныстарымен бөлісті. Қатысқан ата-ана саны: 43, мектеп әкімшілігі, мұғалім — 12.



Құқық бұзушылықтың алдын алу
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, мамыр айының 12 күні Ақтау ҚПБ ППБ 3 рота командирі полиция капитаны Бекужиев Ринат, взвод командирі полиция капитаны Давлетов Касым, қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты
Көшен Нұрболат және Ақтау қаласы ПБ ЖПҚб ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты Құбаев Тұржан Еркінұлы және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.Т.Сарсенгалиева., А.Т.Барманбекова мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларына білім беру ұйымдарында оқу жылының аяқталуына орай іс шаралар қарсаңындағы қауіпсіздік шаралары, топтық төбелес, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шараға барлығы 140 оқушы және 7 мұғалім қатысты.

«Нұртас Оңдасынов атындағы № 5 жалпы білім беру мектебі» КММ-нің 2024-2025 оқу жылындағы ІІ тоқсан қорытындысына аналитикалық талдау
«Н. Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, 13.04.2024 ж. күні Ақтау қаласындағы колледждермен кездесу өткізілді. Қатысушылар 9 сынып оқушылары, ата аналар және сынып жетекшілер. Ұйымдастырушы: Өмірзақов М.Д., Раимбердиева А.Д., Жанжуменова Ж.М.
Қатысқан колледждер:
Маңғыстау Туризм колледжі
Ақтау технология сервис колледжі
Маңғыстау Гуманитарлық колледжі
Маңғыстау Политехникалық колледжі




Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Ұлттық мүдде» құндылығы негізінде, «Даналық мектебінің» іс-шаралар жоспарына сәйкес мектебіміздің 1 сынып жетекшілері: Курмашева А.Т., Муратова М.М.,Туякова Г.О. аталар мектебінің мүшелерімен бірлесіп аталар мектебі: “Бабалар дәстүрі — ұрпаққа өсиет” тақырыбында іс — шара өткізді. Мақсаты: Болашақ ұрпаққа еліміздің ұлттық құндылықтарын санасына сіңіру. Тілі мен діні, тарихы мен салт-дәстүрі, рухани мәдениетке тәрбиелей отыра күнделікті өмірде қолдануға баулу. #біртұтас_тәрбие @aktau_bilim_bolimi
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy

Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Ұлттық мүдде» құндылығы негізінде, «Даналық мектебінің» іс-шаралар жоспарына сәйкес мектебіміздің 2 сынып жетекшілері: Уразалина Т.Т., Аймағамбетова Р.К.,Оразова А.Ж. әжелер мектебінің мүшелерімен бірлесе әжелер мектебі: “Бесік жыры — бар тәлімнің бастауы” тақырыбында іс — шара өткізді. Мақсаты: әжелердің өнегелі өмірін үлгі ете отырып, балаларды өмірге үйрету, мектептегі қыз балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүріне баулу, туған жерін, елін, шаңырағын ардақтайтын тәрбиелі қыз, төзімді ана, қайратты жан болуға, әсіресе, бұрымды қыздарымызды үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. #біртұтас_тәрбие @aktau_bilim_bolimi
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Ұлттық мүдде» құндылығы негізінде, «Даналық мектебінің» іс-шаралар жоспарына сәйкес мектебіміздің 5 сынып жетекшілері: Султанова Ш.И., Токмурзинова Д.Т., Сисенбайқызы С. ағалар мектебінің мүшелерімен бірлесіп ағалар мектебі: “Ағасы бардың — жағасы бар” тақырыбында іс — шара өткізілді. Мақсаты: ағалардың іні-қарындас алдындағы жауапкершілігін арттыру және балаларға ағаның қамқорлығын сезіндіріп, арасындағы жақсы қарым-қатынастарын нығайту.
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Ұлттық мүдде» құндылығы негізінде, «Даналық мектебінің» іс-шаралар жоспарына сәйкес мектебіміздің 8 сынып жетекшілері: Қараева И.У., Өмірзақ М.Д., Саденова А.А жеңгелер мектебі мүшелерімен бірлесе жеңгенің қазақтың салт-дәстүрін сақтаудағы рөлін, отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтаушы ретінде рөлін ашу арқылы қыз балаларды болашақ өмірге даярлауда тәрбие берудегі үлгісін нақты мысалдармен ашу мақсатында “Қыздар білуге тиіс…..” тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
«Қатыгездіксіз, зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, «Қатыгездіксіз, зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны аясында, қазіргі кездегі балалар және үлкендердің де отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Отбасындағы зорлық зомбылыққа жол бермеу. Ата-аналар арасында құқықтық сауаттылық туралы түсіндіру мақсатында “ Мен өз құқығымды қорғай аламын” тақырыбында 1 — 11 сынып оқушыларына сынып сағаттары өткізілді.

Көшбасшы
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымы президентін ұлықтау рәсімі өтті. Бұл іс- шараны ұйымдастырудың басты мақсаты — тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін дамытудағы оқушылардың өзін-өзі басқарудағы жаңа моделін қалыптастыру, парламент фракциялары оқу — тәрбие процесінің проблемаларын шешуде мектеп әкімшілігінің таптырмас көмекшісі, парламентте оқушылар, педагогтер бірлесіп ынтымақтасуға үйренеді. Ұлықтаудан кейін оқушылардың өзін-өзі басқару президенті Аманқұлов Мадияр жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша болашақ жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ ол өз сөзінде президент лауазымы үшін өз күшін, білімін, идеяларын іс жүзінде тексеруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Мадиярға және оның командасына сәттілік пен барлық ойластырылған жоспарларының жүзеге асуын тілейміз.
“Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру аясында ата-аналар арасында синтетикалық есірткінің зияны мен құқықбұзушылық профилактикасы”
облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, қараша айының 8 күні мектебімізде “Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру аясында ата-аналар арасында синтетикалық есірткінің зияны мен құқықбұзушылық профилактикасы” тақырыбында Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім бастығы Саматов Нұрат қатысуымен жалпы ата — аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста ата-аналарға жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды екенін және есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы толық ақпараттар беріліп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ата-аналар тарапынан келген қонақтарға сұрақтар қойылып, ол сұрақтар бойынша нақты жауаптар берілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі , сынып жетекшілер және 95 ата- аналар қатысты.
15 мамыр — Отбасы күні
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Ондасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, «15 мамыр — Отбасы күніне» орай, тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 15.05.2023 күні 6 – 7 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге қарттар үйіне барып қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Оқушылар концерттік бағдарлама дайындап, ән айттып, би билеп қарттарымыздың көңіл — күйін көтерді. Қарттар өздерінің баталарын беріп, алғыстарын білдірді.Мектеп әкімшілігі осы акцияны ұйымдастырған тәрбие бөліміне, 6 – 7 сынып жетекшілері мен оқушыларына алғыс білдіреміз.
Қатысушы саны: 347, мұғалім саны: 11
Оқу-жаттығу қауіпсіздік шаралары
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес, мектебімізде ағымдағы жылдың 12 мамыр күні құзырлы органдармен бірлесе отырып, терроризмді алдын алуда, төтенше жағдайлар кезінде білім ошағынан адамдарды эвакуациялауды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өткізілді. Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Шаватов М.С., штаб басшысы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сарсенгалиева Ж.Т. , штаб басшысының орынбасары алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бакиртаев З.А., мұғалімдермен оқушыларға эвакуациялау жұмыстарын жүргізді. Аталған шаралардың қорытындысы ретінде мектеп бойынша “Дабыл” жүйесі қосылып, бүкіл мектеп ұжымы оқушылармен бірге төтенше жағдайлар кезіндегі қимыл-әдістерді пысықтап, оқу-жаттығу өткізді. Оқу-жаттығу қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, ұйымдасқан түрде өткізілді.
“АБАЙЛАҢЫЗ,БАЛАЛАР!” ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де
Мектеп инспекторы полиция лейтенанты Е. Нұржанов мектеп оқушыларының жол-көлік оқиғаларына ұшырау деректерінің алдын алу мақсатында оқушылардың теориялық және практикалық тұрғыда сауаттарын арттырды.
Іс-шара мақсаты — жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау.
@mangystau_education
@aktau_bilim_bolimi
@bagdatzhary
@rumcdo_officia
@abjetovnaa
“Көңілді старт” жарысы
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ
03.05.2023ж. Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру пән бірлестігі апталығы аясында пән бірлестіктерінің арасында
“Көңілді старт” жарысы ұйымдастырылды. Жарыс 4-кезеңнен тұрды. Жарысқа ағылшын пәні , қазақ тілі, тарих, бастауыш пән бірлестіктері қатысты. Жарыстың шарттары: Секіртпемен секіру, шарды стакан ішіне үрлеу арқылы алып жүру, шеңбер ішімен кезекпен жүру арқылы кедергіні айналып өту, көңілді волейбол ойыны. Жарыс жоғары деңгейде өтті. 1-орынды ағылшын пәні бірлестігі, 2- орынды қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі, 3-орынды бастауыш пән бірлестігі алды.

«Транспарентті және есеп беретін мемлекет»
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ
«Адал ұрпақ» ұйымының жоспары негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» атты 10 сынып арасында бейнеролик байқауы өтті. Оқушылар өздерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендігін бейнеролик арқылы көрсетті.
Мақсаты:
1. Қоғамның ашық және есеп беретін мемлекет қалыптастыруға бағытталған міндеттерді шешуде Қазақстанның жетістіктерін көрсету: жоғары адамгершілік, жауапты, бастамашылық және әлеуметтік құзыретті азамат пен патриотты қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау;
2. Оқушылардың құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмыстарды жетілдіру және жандандыру, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарына оқушылардың назарын аудару.
“Екі жұлдыз” ән байқауы
24.04.2023- 28.04.2023ж Ақтау қаласы Н. Оңдасынов атындағы 5 мектепте “Өнерлінің өрісі кең” атты Эстетикалық пәндер апталығының ашылуы болды. Апталықтың ашылуын мектебіміздің оқушылар оркестрі күймен ашты. Мектебіміздің акт.залында ұстаз бен шәкірт арасында “Екі жұлдыз” ән байқауы өтіп, байқауға 10жұп қатысты. Байқау қорытындысы номинациялар бойынша бағаланды. Байқау өте жақсы деңгейде өтті.
“Есірткісіз болашақ”
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің “Н. Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп” КММ, адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып, саналыққа, салауатты өмірді таңдау мақсатында “Есірткісіз болашақ” онкүндік жоспарына сәйкес ата- аналарға және мектеп оқушыларына синтетикалық наша туралы түсінік жұмыстары ұйымдастырылды. Оқушыларға бейнеролик көрсетіліп, ата-аналарға таратылды.
Мамандықтар туралы
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің “ Н. Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп” КММ, 15 сәуір күні Кәсіптік бағдар беруші Мамадалиева Мәдинаның ұйымдастырумен 9 сынып оқушыларының Ата-аналарына кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналысқа бірнеше колледж өкілдері келді.
1. М. Тынышбаев атындағы КазАТК коледж
2. АТКС атындағы коледж
3. Маңғыстау Туризм коледж
4. Болашақ коледж
5. Қайнар коледж
6. Ақтау Шет тілдер коледж
7. Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары Политехникалық
8. Асмет Улас
9. Маңғыстау жоғары М.Сеңгірбекұлы атындағы педагогикалық коледждері келіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мамандықтар туралы терең түсінік керекті мәліметтермен қамтамасыз етті. Сұрақтарына жауап берді.

«Ғарышқа түрен салған қыран қазақ»
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, 12 сәуір ғарышкерлер күніне орай педагог ұйымдастырушы Жамиғатова Гүлдана 6 “Б” сыныбына «Ғарышқа түрен салған қыран қазақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Алғашқы болып ғарышқа ұшқан қазақтар туралы түсінік беріліп, оқушылар ғарышкерлік туралы көптеген ақпарат алды. Дөңгелек үстел жоғарғы деңгейде өтті.
«Қыз жібек» қыздар клубы
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, оқушыларға ұлттық тағамдар, оның пайдасы, қасиеті туралы түсінік беру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу, өз ұлтының тағамдарын қадірлеуге үйрету мақсатында «Қыз жібек» қыздар клубы және жетекшісі: Джайбергенов Қамаужай «Ұмыт болған ұлттық тағамдар» тақырыбында дәстүрлі ет, сүт тағамдарының, ұн өнімдері мен сусындардың дайындау жолымен және тағамдардың пайдасы жайлы ақпаратпен бөлісті.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “ДОМБЫРА ҮНІ” челленджі


«Жасыл үй» челленджі
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Айнала қоршаған ортаны абаттандыру мен экологиялық тазалықты сақтау мақсатында оқушылар арасында жалпы республикалық «Таза табиғат» акциясы мен «Жасыл үй» челленджі ұйымдасытырлды. Оқушылар мен мұғалімдер қоқыстарды тазартып, ауланы аббаттандыруға белсене араласты. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, аз уақытта оқушылар мектеп ауласына тазалық жүргізді.
14 наурыз — Амал мерекесі
Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Ата-баба дәстүрін дәріптеп, ұлттық құндылықтарымызды насихаттап және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында 14 наурыз — Амал мерекесіне орай мектебімізде мерекелік көрісу шарасы өтті. Наурыз көже және бауырсақ пісіріліп, мерекенің көркін аша түсті. Ұлттық құндылығымызды дәріптеген шара өте жақсы деңгейде өтті. Оқушылар мен мұғалімдер мәз-мейрам болды. Жақсы тілектер айтылып, бата берілді. #Наурызмейрамы #Наурызкүйі #оқуағарту
Тренинг
02.03.2023 ж. күні оқушылардың өзін-өзі басқаруға, ұжымда қарым-қатынасты нығайтуға, бір-бірін қолдауға, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында 7 «В» сынып оқушыларының арасында пән мұғалімінің қатысуымен тренингтік жаттығулар жүргізілді. Тренинг барысында ойындық терапиясы, рөлдік және іскерлік ойындар мен сергіту жаттығулары жүргізіліп топптық, жеке тапсырмалар берілді. Көңіл-күйді жақсартып, вербальды емес ойлауды дамытып, топты біріктіру мақсатында «Қолтырауын» ойыны ойнатылды. «Бұзылған телефон» ойыны ойнатылды. Қатысушылар екі командаға бөлінді. Екі командадан топ басшысы шығып конвертте жасырылған суреттерді эмоциямен сезімдерді жест мимика арқылы қимылмен білдірді. Қатысушыларға логикалық сұрақтар берілді. Майшамның көмегімен қатысушылар бір-біріне тілек білдірді. Сонымен қатар «Нұсқаушы орындаушы» жаттығуы жүргізілді.


Абай шығармашылығын насихаттау
Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру, жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу мақсатында 6 сынып оқушыларына «Бес нәрсеге асық бол, Бес нәрседен қашық бол» тақырыбында ой-пікір сағаты өтті. Ой пікір сағаты ұлы ақынның «Бес нәрсеге асық бол, Бес нәрседен қашық бол» деп адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерді ажырата білу негізінде өтті.
